Тәліптер Ауғанстан әуе күштерінің бұрынғы офицерін өлтірді

Oinet.kz 16-09-2021 527

"Талибан" қозғалысының мүшелері (Қазақстанда тыйым салынған) ауған қауіпсіздік күштеріне рақымшылық жасауға уәде бергеніне қарамастан, Ауғанстан әуе күштерінің бұрынғы офицерін өлтірді, деп хабарлайды РИА Новости.

image.png

Агенттіктің мәліметінше, тәліптер Герат провинциясында Ауғанстан әуе күштерінің бұрынғы офицері Залмай Ачакзайды үйінен шығарып, кейін өлтіріп кеткен.

Сондай -ақ, "РИА Новости" агенттігінің ақпаратына сүйенсек, елдің шығысындағы Нангархар провинциясында тәліптердің атысынан бір бала мен әйел қайтыс болған.

Тәліптер бұл ақпаратты әлі растамады, бірақ тұрғындар бірнеше содырды ұстап алып, жергілікті билікке тапсырды. Провинция губернаторы Нангархар атыстан қайтыс болған бала мен әйелдің өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Трамп, Навальный және Маск әлемдегі ең ықпалды адамдар тізіміне енді
Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу