Бағдат Мусин қазақстандықтарға сүйінші хабар жеткізді

Oinet.kz 21-09-2021 4601

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық телефон коды берілгенін айтып, қуанышты жаңалықпен бөлісті. 

Бағдат Мусин.png

Бұдан былай Қазақстанға +997 халықаралық телефон коды бекітілмек. Жағымды жаңалықты министр Facebook парақшасында жазды.

- "Жақсы жаңалық! БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ, халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады", - дейді Бағдат Мусин. 

Министрдің сөзінше, КСРО тарағанда +7 халықаралық телефон коды екі елге (Ресей федерациясы - ред.) бірдей бекітілген. 

- "Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды бекітілді! Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр", - дейді ол. 

Алматыдағы атыс: Марқұм полиция қызметкерлерінің отбасына баспана беріледі
5 адамды атып тастаған Игорь Дужнов туралы бәрі белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу