Жасөспірімдер мен жастар қылмысын болдырмау басты назарда

Oinet.kz 20-09-2021 488

Screenshot_6.jpg

Енді өсіп келе жатқан жасөспірімдер білімге құмартып, ғылым қуғаны абзал. Білімді жас Отанына көп еңбек сіңіреді. "Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады" демекші, білімді азаматтың елге пайдасы тимесе, зияны тимейді. Қазіргі таңда әлемдегі экономикасы ең мықты елдер бұл деңгейде жоғары ғылым-білімінің арқасында, білікті мамандарының арқасында жетті. Ал артта қалған мемлекеттерде қылмыс өршіп тұр. Қылмыс - экономиканың тамырына балта шабушы фактор. Сондықтан да елде қылмысқа жол бермей, ғылым-білімге жол ашу - басты мақсат.

Осы орайда жақында Қазығұрт ауданында "Жастар ресурстық орталығы" мен АПБ-і бірлесе отырып жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың алдын алу мақсатында "Қылмыссыз жарқын әлем" тақырыбы аясында түнгі рейд болып өтті.  Рейд барысында орталық саябақ, мейрамхана, кафелер мен жастар көп шоғырланатын орындарды аралау барысында көзге түскен жасөспірімдерге ескертулер беріліп, ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында қолға түскен жасөспірімдер қателіктерін мойындап, мұндай заңсыздыққа енді бармайтындарын айтты. Алдағы уақытта осындай рейдтік іс-шаралар өз жемісін береді.

Әкемді алғаш көргенде бетіне «Бізді тастап кеткеніңе рахмет» деп айттым - Say Mо
«Otbasy fest» жас отбасыларға серпін берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу