Түркістан облысында «Тәуелсіздікке қол жеткізу» тақырыбында сынып сағаттары өтті

Oinet.kz 29-09-2021 761

 Screenshot_6.jpg

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысының аудан, қалаларындағы білім беру мекемелерінде «Тәуелсіздікке қол жеткізу» тақырыбында сынып сағаттары болып өтті. 

Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, құндылығын оқушылардың сана-сезіміне сіңіру, жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру, өз елін мақтаныш етуге талпындыру мақсатында ұйымдастырылған шара 1-11 сынып оқушылары арасында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Атап айтқанда: Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Бөген», С.Жиренов, Б.Момышұлы атындағы білім ошақтарында өткен сынып сағаттарында Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі нәтижелері мен болашағы туралы мәліметтер беріліп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз елдің дамуындағы орны туралы баяндамалар оқылды.

Сонымен қатар, Тәуелсіздікке жету жолындағы елдің өткерген белестері туралы бейне ролик көрсетіліп, әрбір оқушы осы жылдардағы елдің ең озық 30 жетістігін тізбектеп айтып берді..

Мектеп табалдырығындағы шәкірттерді егемендіктің бағасын біліп, елдің жеткен жетістіктерін еселеуге талпындыруға бағытталған аталмыш шара алдағы уақытта облыстың барлық білім беру ұйымдарында жалғасын табатын болады.

«Turkistan» телеарнасы Түркі мемлекеттеріне ортақ арна атанады
Асхат Аймағамбетов Қостана облысындағы сапары барысын баяндап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу