Әл-Фараби ауданында жыл соңына дейін 22 көше жарықтандырылады

Oinet.kz 29-09-2021 465

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Әл-Фараби ауданындағы 404 көшенің 109-ы жарықтандырылды. Жарықтандырылу көрсеткіші 26 пайызды құрап отыр. Ал 295 көше және 7 аула жарықтандыруды қажет етеді. 

image.png

Биылғы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына сәйкес 8 айда аудандағы 8 көше жарықтандырылды. Олар: 

Жабай ата көшесі;

Жұлдыз көшесі;

Тәжібай ата көшесі;

Баянауыл көшесі;

Көктөбе көшесі;

Дәулетұлы көшесі;

Ақжайық ш/а Ақжелең көшесі;

Жабаев көшесі.

Жыл соңына дейін тағы 14 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталады.

Атап айтқанда, Промышленная-Есил көшелері, Керуен Бам ш/а, Хаят, Сапақ датқа, Суриков көшесі Суворовтан Темір жол өткеліне дейін, Шәймерденов, Айбергеновтен Республика даңғ.дейін ішкі орам көшесі, Диваев, төменгі Отырардың ішкі орамдық көшелері, Жастық көшесі Жансүгіровтен Володарскийге дейін, Ақмешіт, Абай және Қырыққыз көшесі Тұрсынбаевтан 195 орамға дейін жарықтандырылады. 

Нәтижесінде жыл соңында Әл-фараби ауданындағы жарықтандырылған көшелер 31,9% құрайтын болады.

Шымкенттік үш ұстаз еліміздің «Үздік педагог» атағына ие болды
Көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу