Биыл Қаратау ауданында 40 көше жарықтандырылады

Oinet.kz 30-09-2021 545

Шымкенттегі Қаратау ауданында осы жылға дейін 1272  көшенің 36  көшесі жарықтандырылған болатын. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы 40 көше жарықтандырылады. Қазір оның 19 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, жарықшамдар қойылды.

image.png

Атап айтқанда, Жоламан, Сарбаздар, Аширов, Гүлдала, Алтынсарин, Мұзтау, Ақпейіл, Арайлы таң, Зеңгі ата, Ақбота, Түлкиев, Бозарық ш/а Ұстамұхамат, Ақжайық ш/а Бөкейханов, Нұртас ш/а Шертер, Қазақ радиосы, Ақ алтын, Зере, Құсқоңыр және Кентара көшелері.  

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 21 көше - Назарбаев, Асар ш/а Жейхун және балалар емханасының аумағы, Ақбастау, Нұрсат ш/а балалар ауруханасының көшесі, Амангелді және Төлеметов көшелеріне, Қайнарбұлақтағы Степная көшесіне, Сіргелі, Асар ш/а №4 және Атекент көшшелері, Орманшы ш/а Алатау, Сайрам т/а Ибрагим ата, Мерген төбе, Кемеқалған, Бабашұлы, Өтебаев, Балқыбеков, Әбдіров, Бекмаханов, Мәртөбе т/а орталық көшелер жарықтандырылмақ.

Шымкентте еліміздегі бірегей кәсіпорын аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады
«Өз ойымды толық жеткізуге орыс тілі ыңғайлы» - экология министрі (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу