Өзін ұрған қарияны түрмеге қаматамын деген жеке сот орындаушысы жазаланды

Oinet.kz 06-10-2021 11922

OINET.KZ - Кеше Алматы қаласында өз міндетін орындамақ болған жеке сот орындаушысы А.Ермеков ашынған қариядан таяқ жеген болатын. Осы оқиғаға байланысты жеке сот орындаушысы бейнеүндеу жасады. Ол бейнеүндеуде қарияны түрмеге қамататынын мәлімдеген еді.

Screenshot_2.jpg

Дегенмен қариядан бұрын жеке сот орындаушысы өзі жазаланды. Бұл туралы Алматық қаласы тергеу департаменті бастығының орынбасары Рустам Абрахманов Facebook парақшасында хабарлады.

"10/05/2021 әлеуметтік желілерде жеке сот орындаушы азамат Ермеков А. А. тарапынан бейне хабарлама жарияланды. Бейнежазбада ол өзінің қозғалыстағы автокөліктің салонында, жол қозғалысының қатысушысы (жолаушы) бола отырып, ҚР жол қозғалысы ережелері талаптарын бұзғанын көрсетеді.

Осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық  кодекстің 615-бабы, 1-бөлігі бойынша жол-көлік оқиғасы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша, яғни жүру бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік белбеуі де тағылмаған" - деп жазды ол.

Нығматулин көпшілік алдына шыққан министрдің ерекше қасиетін атады
Арон Атабек ауыр жағдайда ауруханаға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу