Мамандығыңнан бұрын, адалдығыңды биік ұста!

Oinet.kz 12-10-2021 561

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Е.Бекбосынов, дін істері басқармасының теологы И.Айтаев №6698 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

image.png

Кездесудің негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңға енгізілген өзгерістерден хабардар ету, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Жобалық кеңсе басшысы Жани Қамбар жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге қатысты жауапкершілікті жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленгендігі туралы айтты.

Штаб мүшесі Ермек Бекбосынов әрбір мемлекеттік қызметке келген адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін сезініп, өзгерістерді өздерінен бастап, халыққа адал қызмет көрсету қажеттігіне тоқталды. Спикер қатысушыларды мамандықтан бұрын, адалдықты биік ұстауға шақырды. 

Дін істері басқармасының теологы Икрам Айтаев діндегі жемқорлықтың үкімінен хабардар етті. 

Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, арнайы бейнеролик көрсетілді.

Тоқаев: «Әр азаматтың амандығы үшін күресейік»
Тамара Асар жүктілігін не үшін жасырғанын мойындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу