Түркістан: Қазығұрт ауданында бес елді мекенге газ берілді

Oinet.kz 15-10-2021

Screenshot_2.jpg

Қазығұрт ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі аясында бес елді мекенге табиғи газ берілді. Атап айтсақ, Қызылсеңгір, Тұғыртас, Заңғар, Қақпақ, Сырлысай елді мекендерінің тұрғын үйлері газға қосылды. Бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары бірнеше жыл жүргізілді.

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында толық тексеріс аяқталып, газ біртіндеп беріле бастады. Табиғи газды жылдар бойы күткен тұрғындардың үйлеріне құбыр тартылды. Айта кетейік, алдағы уақытта кезекте тұрған келесі ауылдарға газ кіргізілетін болады.

Бүгінде аудандағы 61 елді мекеннің 44-і табиғи газ жүйесімен қамтылған. Табиғи газ жүйесі жүргізілген 44 елді мекеннің 41 елді мекеніндегі тұрғындардың 70 пайызға жуығы табиғи газды пайдалануда.

«Қақпақ» автоматты газ бөлу станциясының құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Газ құбырлары Қызылқия ауыл округіне қарасты Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендері мен Қақпақ ауыл округіне қарасты Заңғар, Қақпақ, Сырлысай ауылдарын қамтып, сонымен қатар Сарыағаш ауданының Бағыс елді мекеніне дейін тартылған. Екі мыңнан астам отбасы мекен еткен алты елді мекенде халық саны 12 мыңнан асады. Қазығұрт ауданы 73 пайыз газбен қамтылған. Бүгінде екі газ нысанының құрылысы жүргізілуде.

Түркістан: Төлеби ауданында «суретшілер үйі» ашылды
Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан байқау мәресіне жетті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×