Белгілі жыршы Димашқа жаңа атақ беруді ұсынды

Oinet.kz 19-10-2021 2328

Фольклортанушы, этномузыкатанушы, әнші, күйші, эпик жыршы Берік Жүсіпов белгілі әнші Димаш Құдайбергенге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру керек" деп санайды. Бұл туралы Жүсіпов өзінің Facebook парақшасында жазды. 

Screenshot_1.jpg"Қазақстанға сіңірген ерекше жетістігі үшін берілетін "Қазақстанның Еңбек Ері" деген атақ бар. Осы алтын жұлдыз Димаш Құдайбергеннің кеудесінде жарқырау керек. Иә, оны "әлі жас қой" дейтіндер де табылады. Жоқ, кешіріңіз, Димаш жас емес, тіпті жас болып та көрген емес. Керісінше, өнер арқылы қазақты дүние жүзіне танытудың жолын тапқан және сондай миссия бұйырған, жер жүзінің тыңдармандарына таңдай қақтырып, үніне тамсандырған теңдесі жоқ құбылысты дер кезінде бағалай алмай отырған біздің әрекетіміз - қылмыспен пара-пар. Кеңес Одағы қалыптастырған сана стереотиптерін күл-парша ететін уақыт жетті. Шын мәнінде бұл атаққа Димаш зәру емес, қайта әлгінің дәрежесін көтере түсу үшін Димаш сол атағыңа керегіп тұр. 

Қазір әлемнің қай түкпірінде болсын Димаштың есімі қазақ деген сөздің синонимі әрі символы ретінде қабылданады. Бұл дегенің ғажап қой, біз секілді аз ұлтқа одан артық не керек, сіз қалай ойлайсыз, отандас?", - деп жазды Берік Жүсіпов. 

Меруерт Түсіпбаева: Иттің етінен жек көремін
Cерік Сәпиев қызметінен босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу