Ақтау әкімі: «Ер адам ер адамнан жиіркенбеуі керек»

Oinet.kz 02-11-2021 1753

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жартылай жалаңаш билеп, қызғалдақтар үшін алғыс айтқан африкалықтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz.

Screenshot_1.png

Шаһар басшысы өз ойын Facebook парақшасында жазды. 

- Мынадай видео шығарыпты. Кей таныстарым қалжыңын қосып, таң атқалы Whatsapp-қа жіберіп жатыр. Мейлі, ұнаса түсіре берсін. Мәселе өзімде тұрған жоқ. Мәселе мүлде басқада - деді ол. 

Нұрдәулет Қилыбай мұндай видео түсіруді көздегендердің мақсаты басқа екенін айтты. 

- Байқасам, бірнеше ер адам басқа ер адамның суретін сүйіп, ел алдында жартылай жалаңаш билейді. Өсіп келе жатқан ұрпаққа ер адам ер адамнан жиіркенбеуі керек деген лас насихат па деп қаламын. Ұрпақ санасына шабылып жатқан балта емес пе? Лас дүниені насихаттап, онсыз да зорға жүрген жастардың миын улап жатқан болуы керек. Мәселе менде тұрған жоқ. Саясаттары ұлттық құндылықты құрту сияқты - деп жазды әкім. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Шымкентте маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгерді
53 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу