Ақтауда жарылыс болған кафе иесі пікір білдірді

Oinet.kz 08-11-2021 633

7 қараша күні кешке жарылыс болған Ақтаудағы "Шерқала" кешенінде орналасқан "Аянат" кафесінің қожайыны оқиға кезінде мекемеде ешкім болмағанын айтты. Кәсіпкердің пікірін қала әкімдігі Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

image.png

Ер адамның айтуынша, оның мекемесі принцип бойынша уақытында жабылады.

- Мен кафемді сағат 19.30 шамасында жауып тастадым. Сондықтан кафеде жұмысшылар да, қонақтар да болған жоқ. Көрші үй-жайларды білмеймін, мен оларға жауапты емеспін, - деді Абай Әміреев.

Жергілікті биліктің мәліметінше, екі қабатты "Шерқала" кешенінің ішінде жұмыс киімдерін сататын дүкен, автобөлшектер, мейрамхана, монша, техникалық қызмет көрсету бекеті, қойма сияқты нысандар бар.

Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай да жарылыс жағдайына қатысты пікір білдірді. Ол сағат 00:00-ге дейін ешкім медициналық көмекке жүгінбегенін айтты. 

- Кинологтар мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, - деді ол.

Төтенше оқиға орнына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Сондай-ақ жарылыс "Аянат" кафесінде емес, жақын жердегі самса мен палау сататын дүкенде болғаны белгілі болды.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров жарылыс газ-ауа қоспасынан болуы мүмкін екенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimat)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimat)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimat)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimat)

Әнші Ақбота-Нұрға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (видео)
Бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу