Әнші Ақбота-Нұрға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (видео)

Oinet.kz 06-11-2021 958

Танымал қазақстандық әнші, актриса әрі тележүргізуші Ақбота-Нұр Сейітмағамбетке телеарна эфирі кезінде әріптесі Шерхан Пірназар үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Тележүргізуші әрі актер Шерхан Пірназар әншіге ұсынысты Хабар телеарнасының "Таңғы хабар" бағдарламасында жасаған.

- Ақбота, мына шоқ гүлі сізге, алсаңызшы. Бүгін көрермендер үшін де мен үшін де ерекше күн. Толқып тұрмын, маған тұрмысқа шығасың ба?", - деді жүргізуші. Ал Ақбота-Нұр ойланып көру керек екенін айтып, қатты толқып, тіпті жылағысы келгенін жасырмады. "Не деп жауап беретінімді білмеймін енді. Сенің жақсы адам екеніңді білемін. Адал дос екеніңді білемін. Ешқашан сөзімді жерге тастамайсың... Пранк емес пе, мен алдандым? Егер пранк болса айтыңдар, қазір әзіл ретінде қабылдап тұрмын", - деді Ақбота-Нұр. "Бота, адамның жеке өмірімен ойнамайтын шығармын енді. Бұл ешқандай пранк емес, алдау емес, саған шынайы көңіліммен, шынайы ниетіммен ұсыныс жасап отырмын. Маған тұрмысқа шығасың ба? - деді Шерхан Пірназар. 

Осылайша, әнші бұл үлкен жауапкершілік болғандықтан, ұсыныс туралы ойланып көретінін айтты. Дегенмен ол нақты жауабын бергенше жүзікті өзінде қалдырып, қолына тағып алды. Видеоны көрген желі қолданушылары бірден талқылауға кірісті.

- "Жай ойын секілді", "Шерханға сенбей тұрмын, ойнап тұрған сияқты. Ақботаның жүрегін ауыртпа. Егер шын болса, жарайсың", "Шерханның отбасы бар емес пе?", "Пранк болды ма сонымен?", "Бақытты болыңдар", "Мен сенбеймін", "Жаным-ау, қорқып қалған өзі. Бағың ашылсын, - деп жазуда көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Таңғы хабар (@tangy_habar)

Финалда жеңіліс тапқан Махмұд Сабырхан көз жасына ерік берді (видео)
Ақтауда жарылыс болған кафе иесі пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу