Канелоның бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді

Oinet.kz 18-11-2021 736

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің бапкері қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге мүдделі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Головкин.png

Эдди Рейносо Канелоның Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізуіне қарсы емес екенін растады.

- "Жекпе-жек Мексикада болғанын қалаймын. Бұл жекпе-жекті Гвадалахарада немесе Мехикода өткізе аламыз. Головкин Канелоның есімін атаған жоқ, желтоқсанда Жапонияда Муратаға қарсы жекпе-жегі жоспарланған. Онда не болатынын көрейік, мүмкін (осыдан кейін) Канело - Головкиннің үшінші жекпе-жегін өткіземіз", - дейді жаттықтырушы Эдди Рейносо.

Сәуле Омароваға 26 жыл бұрын ұрлық жасады деген айып тағылд
Қазақстанда соңғы тәулікте 1083 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу