Аяжан Еділованың өлімі: күдікті зорлық жасамағанын мәлімдеді

Oinet.kz 04-12-2021 896

Алматыда Аяжан Еділованы айуандықпен өлтірді деп айыпталып отырған 28 жастағы түркістандық өзіне тағылған айыптармен ішінара келіспей отыр. Атышулы іске қатысты екінші сот отырысы өтті. Бұл туралы Oinet.kz сайты Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

Бес куәгерден жауап алынды. Олар марқұмның екі туысы мен таныстары. Сот отырысы жабық режимде, онлайн форматта өтті. Жәбірленуші тараптың заңды өкілінің айтуынша, айыпталушы кінәсін толық мойындамаған. 

- "Сотталушы Төребеков өзінің адам өлтіргені туралы кінәсін мойындап, зорланғаны туралы кінәсін мойындамай отыр. Біздің жәбірленуші тараптан өлтіруден бөлек, тағы да зорланған мәселесін дәлелдеу мәселесі тұр. Осы барысында енді жұмыс істей бастаймыз", - дейді Жәбірленуші тараптың заңды өкілі Қадыржан Ғалымжанұлы.

Жәбірленушілер қылмыс жасаған адамды, өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет деген пікірде. Оның айыбын дәлелдеу үшін барлық дәйектерді ұсынамыз дейді.

Атышулы іс 30 томнан тұрады. Процесті судья Еркін Майшынов қарап жатыр.

Еске салсақ, қанды қылмыс биыл наурызда болды. Жұмыстан шығып, жоғалып кеткен Аяжанның мәйіті Нұркент ықшамауданындағы пәтерден табылған еді. Айыпталушы 28 жастағы Түркістан облысының тумасы. Бұрын-соңды сотталмаған. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Келесі сот отырысы 9 желтоқсанға өтеді.

Келбеті өзгеше, келешегі нұрлы әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Назарбаев ядролық зымырандарды 20 миллиард долларға сатуды ұсынғандар туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу