Елордада сауда орталығындағы ұрлық видеоға түсіп қалған

Oinet.kz 18-12-2021 658

Астанада полицейлер шоколад пен дыбыс күшейткіш колонканы ұрлады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Oinet.kz

image.png

Елордалық полицияның баспасөз қызметі тәртіп сақшылары 19 және 25 жастағы екі жасты ұстағанын хабарлайды. Олар Small супермаркетінде сомасы 44 мың теңгенің "Мерси" шоколадтарын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұрын екеуі де сотталған. Жауап алу кезінде олар кінәсін мойындады.

Сондай-ақ, 35 500 теңге тұратын JBL маркалы дыбыс күшейткіш колонканы ұрлағаны үшін елорданың 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Қыз колонканы сатып алатын секілді оны қолына ұстап, ақырындап дүкеннен шығып кетеді. Ол тұрғылықты жерінен ұсталды.

Барлық фактілерге сәйкес, "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, ұсталғандардың астана аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Жол апатынан жолаушы мен 9 айлық сәби көз жұмды
Путин: «Спутник V вакцинасы "Омикрон" штаммға қарсы қолдануда тиімділігі жоғары»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу