Ішкі Істер минстрі мәлімдеме жасады

Oinet.kz 10-01-2022 1886

ҚР Ішкі Істер минстрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеме жасады. Бұл туралы Oinet.kz сайты хабарлайды.

image.png

- 16 полиция қызметкері содырлардың қолынан мерт болды

- Полиция, қорғаныс министірлігі және Ұлттық ұланның 1330-дей қызметкері жараланды

4 қаңтарда елдің бірқатар аймағында: Атырау,  Кызылорда, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Семей және өзге де бірқатар қалаларда бүлік туындады. Әсіресе Алматыда жағдай ушықты.

Мұндағы ереуілшілер келіссөзге де шықпады. Дүкендер тоналып, мемлекеттік және басқа да мекемелерді қиратты. Бүлікшілер ғимараттарға от қойды. Ең қиыны бейбіт халыққа оқ атылды. Дәрігерлер, өрт сөндірушілер зардап шекті.

800-дей қаскөй халықаралық әуежайға шабуыл жасады. 5 қаңтар күні де көптеген ғимараттар қирады.

6-7 қаңтарда Тараз, Талдықорғанда қауіпті қылмысты топтар түрмелерге шабуылдады. Бұған полицейлер тойтарыс берді. Алматыда полиция ғимараты мен әскери бөлімдерге, блок бекетерге де шабылу жасалды. 

- 400-дей техника жойылған. Оның 346-сы ішкі істер органдарына тиесілі.

- 100-ге тарта ірі сауда орындары мен банктер тоналды. Шығын 87 млрд. теңгеден асады.

- Қазірге дейін  5135 күдікті ұсталған. Оның 134-і ауыр қылмыс жасағандар. Шекарадан өтпек болған қылмыскерлер де қолға түсті. Қазір террорлық актілерге қарсы операциялар жалғасып жатқанмен, елдегі ахуал тұрақталды.

Ішкі істер министірнің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев өз мәлімдемесінде осындай деректер келітріп, елді сабырлық сақтап, сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Тасмағамбетов қазақстандықтарға үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу