Балғынбек Имашев көпбалалы ананы 325 мың теңгеге «лақтырған» ба?

Oinet.kz 26-01-2022

Айтыскер ақын Балғынбек Имаштың қорына ақша салғандар бастарын тауға да, тасқа да соғуда. Балғынбек Имашевтың мұқтаж отбасыларға үй алып беретін қорының бір орны 150 мың теңге тұрады. Алты баланың анасы айтыскердің қорына 325 мың теңге салып, алданып қалғанын хабарлады.

Screenshot_15.jpg«2021-дің тамыз айында бұл кісі парақшасында мен осындай қор ашып жатырмын деді. Кооператив немесе қор, сондай бірдеңесі бар. Кезекке тұрыңдар, мұқтаж 300 адамға үй алып береміз осы қор арқылы дейді. Бұл не қор, не кооператив, өздері де дұрыс түсіндірмейді. Қаласаңыздар, кезекке тұрыңыздар, 1 кезек 150 мың теңге тұрады деді. Сол кезде алтыншы балама аяғым ауыр болып, жәрдемақы түскен кезде бірден соны салып тастадым. Квитанция, барлығы бар, 205-болып кезекке тұрдым. Ол кісінің аузында Алласы бар, бетінде сақалы бар, дұрыс адам болған соң осылай сеніп отырдым», – дейді келіншек.

«Ақындардың құны малдан да төмен» – Ринат Зайытов
Үндістандық көріпкел Қазақстанның болашағы не болатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×