«Президентке «Рахметтен» басқа ештеңе айта алмаймын!»

Oinet.kz 16-03-2022 2431

Screenshot_18.jpg

Президентімізге “РАХМЕТ” деген сөзден басқа ештеңе айта алмаймын. Семейдің қазағы ретінде толқып, сөз таба алмай отырмын. Семей облысын жойғаннан бастап, Семей құлдырай бастады. Халық босып кетті дей аламын. 

Енді Абай облысын құрып, Семейдің жаңғыруын, рухани-экономикалық жаңғыруын күтемін, сенемін. Семейдің халқының көкейінде жүрген ойды президентіміз орындады. Бүкіл Семей қазір толқып отыр десем, қателеспеймін. Туған-туыс, жолдас-жоралар хабарласып, сүйінші сұрап жатыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі үндеуінде көп нәрсе мен үшін сюрприз болды. Әсіресе облыстардың бөлінуі және президенттің жақын туыстарының жоғары лауазымға тұра алмауы. Толық қолдаймын!

Қазақстан қоғамы өткен шақтың қатесін қайталамау керек. Өткен шақтан сабақ алуымыз керек.

Самат Нұртазаның Facebook парақшасынан

«Жаңа Қазақстанның» жаңа бастамалары қуантты
Танымал әнші: Араб жігіті ұсыныс білдірсе оған тұрмысқа шығам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу