Ordabasy: Шұбар ауылында тындырымды істер көп

Oinet.kz 08-04-2022 870

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың халық алдындағы жылдық есеп беру жиыны Шұбар ауылдық округінде өтті.

Screenshot_5.jpg

Ел Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде биыл жаңа форматта алғаш рет  ұйымдастырылған есепті кездесуге ауыл тұрғындары, аудан әкімдігіне қарасты мекеме жауаптылары қатысты.

Кездесуде аудан басшысы Бағлан Дәнебекұлы өткен бір жыл көлемінде аудан аумағында атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылға жоспарланған жаңа жобалармен бөлісті.

«Шұбар ауыл округінің 2021 жылғы бюджеті 46 млн. 860 мың теңге болса, 2022 жылға оның көлемі 56 млн. 915 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9 млн. 943 мың теңгеге артып отыр. Сондай-ақ, биыл ауылда инвестициялық құны 574 млн.тг құрайтын 4 жоба іске асырылып, 87 тұрғын жаңа жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Ал, «Батыс Европа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің аудан арқылы өтуі жол бойы сервистік қызмет көрсету жобаларын дамытуға мол мүмкіндік беруде. Бұл бағытта жеке кәсіпкерлер есебінен жол бойы сервистік қызмет көрсету жобасын іске асыру мақсатында инвест жобалар жасалуда. Жәнеде ауыл іргесінен өтетін Арыс өзенінің географиялық тиімділігін пайдаланған кәсіпкерлер өзен жағасындағы 1 гектар жер теліміне арнайы көлшік жасап, балық шаруашылығын дамыту жобасын қолға алды. Жуырда құрылыс жұмыстарын бастаған қыш өндіру зауыты да Шұбар ауылы тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге, ауыл азаматтарын жұмыспен қамтуға қызмет етеді деп сенемін. Есепті жиыннан бөлек, ауылда шешімі табылмай жатқан мәселелер болса, бекітілген кестеден тыс уақытта да ауылдастардың жанынан табылып, мәселені бірлесіп шешуге күш саламыз», - деді аудан әкімі жылдық есеп беру жиынында.

Аудан әкімінің халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан  жарық, су, электр жарығы, жайылымдық жер, кәсіпкерлікке қатысты сұрақтар қойылды. 

Өз кезегінде аудан басшысы ауылдың 5 елді мекені таза ауыз сумен қамтылғандығын айта келе, Аққойлы ауылын ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, салалық басқармаға қаржыландыру үшін ұсынылғанын жеткізді. 

Өткен  жылы ауылдағы жаңадан құрылған көшелерді сапалы электр энергиясымен қамту мақсатында Береке, Жусансай, Бейбарыс, Сарытоғай елді мекендеріндегі көшелерге электр желісі мен бағаналар орнатылғандығын, алда жаңа қосылған көшелерді жарықтандыру мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесімен бірлесіп жұмыстар жүргізілетінін тілге тиек етті.

Есепті кездесуде аудан басшысы ауылдағы спорт, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау саласы бойынша да бірқатар оңды істер қолға алынғанын айтып өтті. 

Аудан әкімінің айтуынша Шұбар ауылында 150 орындық Мәдениет үйі мен ауылдағы спорт алаңшаларын салуға қаржы қарастырылып, Аққойлы, Жусансай, Сарытоғай елді мекендерінен мемлкеттік жекешелік әріптестік арқылы ФАП құрылысының жұмыстары қайта жанданбақ. Аққойлы елді мекенінен 100 орындық Ақбастау бастауыш мектебінің құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. 

Аудан басшысы ауылдың инженерлік-инфрақұрылым жобасы бойынша тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатындығын жеткізді. 

Шұбардағы Кәсіптік колледжде өткен есепті жиыннан соң Бағлан Дәнебекұлы ауыл тұрғындарын жеке мәселері бойынша   қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. 

Аудан басшысының тапсырмасымен Шұбарлықтардың өтініштері арнайы хаттамаға жазылып, уақытылы орындалу үшін әкім орынбасарлары мен салалық бөлім басшыларына жүктелді. 

Естеріңізге салар болсақ, 2021 жылдың қорытындысымен Ордабасы ауданында атқарылған жұмыстар бойынша аудан әкімінің есепті кездесуі бекітілген кестеге сай ауданымыздың 10 ауылдық округтерінде өтетін болады. 

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Балалар жылының» ашылу салтанатына арналған брифинг өтті
Халық Жириновскиймен қоштасуға кезекке тұрды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу