Мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді

Oinet.kz 22-09-2022 800

Screenshot_6.jpg

«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары аясында аудан прокуроры К.Нәрікбаев бүгін Мәдениет сарайында Қажымұқан ауылдық округінің 9-11 сынып мектеп оқушыларымен (350-ге жуық) кездесу өткізді.

Сондай-ақ кездесуге Ордабасы ауданы әкімдігінің, адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары мен мектеп педагогтары қатысты.

Кездесу барысында бала құқығын сақтау, болашақ мамандық таңдау сұрақтары, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шаралары талқыланды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауындағы «орта білімнің сапасын арттыру мен 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау» тапсырмасы түсіндірілді.

Іс-шара барысында оқушыларға видео ролик көрсетілді, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.

Ордабасы ауданының прокуратурасы

«Діни қатынастар саласындағы радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру»
«Келін - робот емес»: Балжан Бидаш жан айқайын жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу