Қазақтардың миы шайылып кеткен бе, бірдеме

Oinet.kz 18-04-2022 1260

Screenshot_9.jpg

Жымырайған бір қырт 1-сыныпқа баратын баласына орыс сыныбын таңдапты.

Бұрынғыдай таныс іздеп, директорға ақша беріп кіргізу тоқтады ғой, өзі "игоптан" мектеп таңдағанына мәз.

"Неге орысшаға бердің, балаға қиын болады ғой..." десем, "Орыс сыныбында сапа бар, бәлду, бәлду..." деп күйдіреді.

"Ей, оны кім айтты? Ең болмаса министрдің білім сапасы туралы жазбаларын оқып шықсай, желіде күнде жазады ғой..." деймін мен де қоймай, ана сабаз "Уот, сол министрдің қазақша жазғанынан дым түсінбей, орысшасын оқып, біліп жүрмін..." дейді ол...

...Қазақ еліне + 1 орыстілді қазақ)

Қалмаханбет Мұқаметқали

ФБ парақшасынан

Ұлттық музейде «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды
Аттестацияға дайындалып кітап жазамыз ба, олимпиадаға дайындаймыз ба, сабақ өтеміз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу