Түлкібас ауданында балалар жылына орай “Asyl jurek” қайырымдылық фестивалі өтті

Oinet.kz 06-05-2022 860

Түлкібас ауданы әкімдігінің және “Jas Otan” ЖҚ ұйымдастыруымен, 2022 жыл “Балалар жылына” орай, ерекеше зәрулігі бар балаларға арналған “Asyl jurek” қайырымдылық фестивалі өтті. 

Screenshot_3.jpg

Шараға аудан әкімі Н.Байғұт, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Е.Өркен мен Д.Әбіш, аудандық мәслихат депутаттары, Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілері, 18-жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың күндізгі қатынау бөлімі тәрбиеленушілері, Түлкібас ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті тәрбиеленушілері мен үйде қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.

Аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы балаларға жүрек жарды жылы лебізін жеткізіп, әлеуметтік қызметкерлерге адал еңбегіне рақмет айтып, алғыс хаттар табыстады. Түркістан облыстық мәслихат депутаты Есей Өркен жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, аудан басшысы және әріптестерімен бірге балақайларға сыйлықтар табыстады.

Screenshot_4.jpg

Іс-шарада балақайлар өз өнерлерін ортаға салып, өз қуаныштары мен алғыстарын жеткізді. Бүгінгі шараның өтуіне демеушілік көрсеткен Өркен Есей ағамызға өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын табыстап, алғыс айтты.

Ауданда бүгінгі таңда 18 жасқа дейінгі 800-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Олардың сауығуы, бос уақыттарын тиімді өткізуі, емін-еркін жүріп-тұруына  жағдай жасалуда. Сонымен қатар демалыс лагерлерінде демалуына және жоғары оқу орындарына түсуіне мемлекет тарапынан қамқорлық жасалынып келеді.

Түркістан облысында қоғамдық штаб құрылды
«AMANAT»: Фракция жиынында бюджеттік және әлеуметтік мәселелер қызу талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу