Қазақстанда кімдердің кемі 300 мың теңге жалақы алатыны белгілі болды

Oinet.kz 11-05-2022 1074

Қазақстанда кемі 300 мың таңге жалақыны қандай мамандық иелері алатыны белгілі болды, деп хабарлайды HeadHunter платформасы.

Screenshot_16.jpg

HeadHunter Қазақстан сарапшылары келтірген дерекке сүйенсек, жалақысы 300 мың теңгеден басталатын ең көп жұмыс орындары "Сауда" саласының (42%) мамандарына ұсынылған. 

Екінші орында құрылыс пен жылжымайтын мүлік қызметкерлері (12%) болса, үшінші орын ақпараттық технологиялар, интернет, телеком мамандарына (11%) бұйырған.

Сәуір айында ең жоғары жалақы сауда мамандарына, оның ішінде тәжірибесі жоқ жылжымайтын мүлік менеджерлеріне 2 млн теңгеге дейін ұсынылған. Сондай-ақ, медицина қызметтері бойынша сауда менеджерлеріне 800 мың теңгеге дейін төленетіні анықталды.

Кемі 6 жылдық тәжірибесі бар қызметкерлерді басқарушы директорге - 1 400 000 теңгеге дейін, сондай-ақ, кемі 6 жылдық тәжірибесі бар есепшілерге - 600 000 мың теңгеге дейін, ал автоэлектр желісін білетін және GPS-ті орнатуға арналған арнайы техникамен жұмыс тәжірибесі бар инженер-монтаждаушыға 600 мың теңгеге дейін айлық жалақы ұсынылуда. 

Қазақстандағы биозертханалар құпия емес
Шаншар әзіл-сықақ театрының актрисасы өзінен жас жігітке тұрмысқа шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу