Кеосаян Қазақстанды тағы мазақ етті

Oinet.kz 15-05-2022 2525

Ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға тағы бір мәлімдеме жасады.

Screenshot_7.jpg

"Мен қорқытып тұрғам жоқ, ненің болуы мүмкін екенін ескертіп жатырмын. Мұның бәрі қазіргі Украинаның қалай құрылғанын еске түсіреді. Сендерде солардың жолымен бірге русофобиялық мемлекет құру жолында келе жатырсыздар", — деді ол “Кеосаян – персона нон грата / Назарбаев пен русофобия / Қазақстан – Жаңа Украина / "РКН Free" деген видеосында. 

Осылайша, Кеосаян 27 сәуірде жүргізушінің ашулы сөзін сынға алған қазақстандық қоғам белсенділерінің айтқандарына жауап берді. 

Оның айтуынша, “Қазақстанда ешқашан мықты мемлекеттілік болған емес".

"Біз мұнда Елбасыны қарсы алдық. Иә, біз оларды қаңтар айында террористерден құтқардық. Олар не істеді? Қазақстан русофобиялық мемлекетке айналды. Сондай-ақ сендердің компрадорлық элиталарың да шетелге ақша тасып, басқалардың ізімен жүр", – дейді ол. 

Жұлдыз Әбдікәрімованың әкесімен түсен фотосы елді сүйсіндірді
Жанар Айжанова жиеніне бірінші күйеуінің фамилиясын берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу