Путин, Рахмон, Тоқаев. Ақсақал президенттердің алды жетпіске аяқ басты

Oinet.kz 20-05-2022 1127

17 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды. Осыменен биыл алтыншы ондықтың қырқасынан асатын Мемлекет басшысы келер жылы жетпіс жасқа аяқ басады.

Screenshot_11.jpg

Ақорданың хабарлауынша,   Президентінің туған күніне байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, парламент төрағаларынан, үкімет басшыларынан және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп жатыр.

Атап айтқанда, Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы құттықтады.

Президентті құттықтағандардың ішінде Батыс Еуропа елдерінің немесе АҚШ президенті жоқ. 

Бұрынғы Кеңес одағы елдері басшыларының ішінде бүгінде жасы ең үлкені Ресей президенті Владимитр Путин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон екен. Бұл екеуі де биыл қазанда жетпіс жасқа толған мерейтойларын тойлайды. Бұдан кейінгі ақсақал-Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еуропаның соңғы диктаоры атанған, билікті ұзақ жылдан бері ешкімге бермей келе жатқан Беларусь президенті Александр Лукашенко Тоқаевтан бір жасы кіші (биыл 68-ге келеді). Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев биыл 65-ке, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев-61, Садыр Жапаров-54-ке толады екен. Арменияның премьер-минтстрі Никол Пашинян смырты көзге икеәрілеу көрінеді демесеңіз, биыл 47-ге, ал Түркіменстанның биыл сайланған президенті Сердар Бердымұхамедов 42-ге келеді.

Әлия Назарбаева қайда жүр?
Орыс тілі қазақ тілімен бір статуста қалуы керек – Олжас Сүлейменов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу