«Пышақтап тастаймын»: Өз телефонын ұрыдан қайтарамын деп ажал құшты

Oinet.kz 08-07-2022 1597

Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарында ер адам телефонын қайтармақ болған жігітті ұрып тастаған. Алайда алған соққылардан кейін жігіт ауруханаға түсіп, 8 шілдеде жан тапсырған. Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды OInet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Оқиға 14 маусымда болған. Жазбада бас киім киген ер адам жігіттің телефонын ұрлап алғаны жазылған. 

"Жігіт ұрлаған ер адамды ұстап, телефонын қайтаруды сұраған. Алайда Ол қайтарып берудің орнына бірнеше рет ұрып, кейін пышақтап тастайтынын айтып қорқытқан", – делінген жазбада. 

Көп ұзамай жігіт үйіне келіп, есінен танып қалған. Алайда 8 шілдеде жан тапсырған. 

"Жігіттің есімі – Қайнар. Жасы 24-те. Артында жүкті әйелі қалды. Сыныптасының айтуынша, ол "Көк базарға" барып телефонын сатпақ болған. Алайда ол жақта ер адам мен әйел "Алтын Ордада" телефон алатын таныстары бар екенін айтқан. Келген соң бас киімдегі ер адам телефонды көруге алып, қайтармай қойған. Алған соққылары салдарынан жағы сынған", – делінген желідегі ақпаратта. 

Бұл оқиғаға қатысты Stan.kz сауалына жауап берген Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері оқиғаның "Алтын Орда" базарында болғанын растады. Бастапқыда Қылмыстық кодекстің 191-бабы "Ұрлық" бойынша іс қозғалған. 

"Зардап шеккен Талғар ауданының 23 жастағы тұрғыны ауруханада ем қабылдаған. Алайда бүгін, 8 шілдеде таңертең ол жан тапсырды. Осыған байланысты тергеу шаралары ұйымдастырылып, нәтижесінде қылмыстық істі өзгерту мәселесі қаралады. Қазір күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Жеке тұлғасы анықталды", – делінген хабарламада.

Видео (үстін басыңыз)

Мал базарында болған адамның жүрегін тебірентетін оқиға
Қауіпті челлендж үшін қайтыс болған жеті баланың отбасы TikTok-ты сотқа берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу