«Кезекті ерлік» - Түркістанда өртке оранған мекеме шатырындағы көк туды сақтап қалған

Oinet.kz 19-07-2022 620

Түркістан облысында өртке оранған халыққа қызмет көрсету орталығының шатырындағы көк туды өртке шалдырмай сақтап қалды. Аталған ерлікті жасаған азамат Қансейіт Мұхаммед - сол мекеменің қызметкері. Ол желбірген көк туды өрт құшағына қалдырып қарап тұра алмағанын айтты, деп хабарлайды Oіnet.kz тілшісі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

"Қауіп-қатер төнді. Ондай кезде ойланатындай жағдай болмады. Бірақ көк туымыздың астынан өрт шығып жатса, қарап тұра алмайды екенсің. Бір минут та тұра алмайсың. 

Аяқтан ыстық тұрды. Бірақ бірінші мақсат туды алып қалу болды. Ешқандай жарақат алған жоқпын, Құдайға шүкір. Астында жедел жәрдем қызмет көрсетіп тұрды", – дейді Қансейіт Мұхаммед.

Қансейітті жергілікті жұрт батыр деп таныды. Ал ата-анасы жағдайды алғаш естігенде жігітке ұрысқанымен, қазіргі уақытта оны мақтан тұтып отырған көрінеді. 

Айта кетейік, кеше Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты өртке оранды. Қызметкерлер мен сақталған құжаттар әзірге өзге орынға көшірілген.

Ауылда кітапты көп оқитын оқушыларға қозы беріліп жатыр
«Ұлымды Украинаға алып кете ме деп қорқамын»: Ресей азаматы украин әйелінің үстінен арызданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу