Ордабасылық полицейлер «Қауіпсіз жол» шарасы кезінде тұрғындарға ескерту қағаздарын таратты

Oinet.kz 26-07-2022 559

Screenshot_8.jpg

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол көлік оқиғаларын төмендету және жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында, «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасын өткізді. Шараға жеке құрамның 34 қызметкері жұмылдырылды. Олар жол ережесін өрескел бұзған автокөліктерді тоқтатып, оларға заңды шара қолданды. Мәселен іс-шараның 4 тәулігінде жол ережесін бұзған 160 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

Атап айтар болсақ, Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша - 15, Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануымен - 16, Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау бойынша - 48, Маневр жасау қағидаларын бұзуы бойынша  - 11,  Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу - 3, Темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзуымен - 1, Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы - 2, Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 64 тұлғаға хаттама толтырылған.

Мысалы тәртіп сақшылары аудан көшелерінің бірінде «Ваз 21102» маркалы автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің куәлігін тексеру кезінде жас жігіттің автокөлікті басқару құқығы жоқ екендігі және оның мас халде көлік басқарғаны анықталды. Полицейлер көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі  «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша хаттама түзіп, жинақталған құжаттарды Ордабасы аудандық сотына жолдады.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолда жүру ережелері мен қағидалары жазылған арнайы ескерту қағаздарын таратты.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жолда жүру ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Сондай-ақ мас халде көлік жүргізбеуге кеңес береді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін» деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды
Келестік полицейлер рейд кезінде екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу