Ер адам әйелі мен балаларын 17 жыл бойы қамауда ұстап келген

Oinet.kz 31-07-2022 642

Рио-де-Жанейрода ер адам әйелі мен балаларын 17 жыл қамауда ұстаған. Сонымен қатар үй иелері қатарында тұрып келген отбасы мүшелері зорлық-зомбылыққа ұшыраған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_9.jpg

Әйел мен балаларды 28 шілдеде полицияға жәбір көрсету жөнінде хабарлама түскеннен кейін құтқарған. Үйге келген полицейлер қорқынышты көрініске тап болған – үйде тазалық мүлдем сақталмағанына көз жетті, әйелдер мен балалар болса әбден қорланғаны анықталды. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар тұрақты тамақтанбау салдарынан 19 және 22 жастағы балалар 10 жасар балаларға ұқсап қалғаны айтылады.

Әйел тәртіп сақшыларына күйеуінің оларды 17 жыл бойы шынжырда ұстағанын айтқан. Балалар ешқашан басқа адамдармен араласпаған, сабаққа бармаған тіпті көшеге шықпаған. Сонымен қатар, ер адам отбасын үнемі ұрып-соғып, байлап, аштықпен қинаған. Көмек сұраған дауысты басу үшін күйеуі қатты музыканы қосатын болған, сол себепті көршілері оны “диджей” деп атап кеткен көрінеді.

Сондай-ақ жәбірленуші әйел бірнеше рет көмек сұрамақ болғанын, бірақ нәтиже болмағанын жеткізген. Жергілікті билік те  бұл отбасы туралы жасырын хабарламаның полицияға екі жыл бұрын түскенін, бірақ ешқандай әрекет жасалмағанын ашып айтқан.

Полиция өз отбасын қамап келген азаматтың қамауға алынғанын және жақын арада сотқа келетінін айтты. Оған "Қорлық көрсету", "азаптау" секілді бірнеше баптар бойынша айып тағылған.

Сондай-ақ, сот баланы қамқорлыққа алу ісін қарайды.

«Тірі баламды өлтіріп берді»: Шымкентте сәбиінен айырылған ана президенттен көмек сұрайды
Атырау облысында аудан әкімі Жайық өзеніне батып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу