Рудныйда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы әйелдің денесі табылды

Oinet.kz 25-08-2022 580

Рудныйда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша ол 4-қабаттың балконынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілеме тастап.

Screenshot_41.jpg

Қостанай облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 24 тамызда болған.

«Рудный қалалық полиция бөлімінің «102» пультіне Комсомольский даңғылы, 36 мекенжайынан әйел адамның денесі табылғаны туралы қоңырау түскен. Болжам бойынша, әйел тұрғын үйдің 4-қабатының балконынан секіріп кеткен. Қазігі кезде өлімнің мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жетісайда аптап ыстықта 5 жасар қыз бен шақалақ сәбиді ата-анасы көлікке қамап кеткен
Неке түнінде күйеуінің қолынан қаза тапқан мұғалімнің анасы Президенттен көмек сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу