Лаоста құлдыққа түсіп қалған бойжеткен Қазақстанға оралды

Oinet.kz 31-08-2022 732

Лаоста құлдыққа түсіп қалған отандасымыз Әнел Бермағанбет Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

«Мен үйдемін, менің Қазақстаным» - деп жазба қалдырды бойжеткен Instagram-парақшасында.

Еске салайық, 20 тамызда Қазақстан азаматы Әнел Бермағанбет Лаос Республикасында өзін күштеп жеке үйде ұстап отырғаны туралы мәлімдеген болатын. Ол шақырту бойынша Таиландқа жұмысқа барғанын, алайда артынша Лаосқа кеткенін, өзін жұмыс берушілердің жабық аймаққа әкеліп, қамап ұстап отырғанынын айтқан еді.

Аталған жайтқа қатысты ҚР полициясы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сондай-ақ отандасымыз тап болған оқиға туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарланды. Бұл іске сол елдің жергілікті полициясы да араласқан.

Ал 26 тамызда Әнелдің құтқарылып, отанына қайтатыны белгілі болған еді.

КСРО алғашқы президенті өмірден озды
Түркістан облысының полицейлері ақша мен бағалы заттарды ұрлаған күдіктіні анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу