«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды

Oinet.kz 31-08-2022 432

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет Басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурс басталды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Screenshot_1.jpg

2022 жылы әрбір грантқа 3 млн.теңгеден 30 грант берілетін болады. Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады. Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады. Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі: 

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған; 

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған; 

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған; 

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған; 

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және: 

1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы; 

2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды); 

3) шығыстар сметасының жобасы; 

4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс. 

Айта кетейік, 2021 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев еліміздің 30 жас азаматына «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыс етті. Оның ішінде 5 жас адам «Мәдениет» бағыты бойынша, 6 адам – «Ғылым», 5 адам – «Ақпараттық технологиялар», 5 адам – «Медиа», 9 адам – «Бизнес».  

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: 

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); Байланыс нөмірлері: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12), (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com поштасына қабылданады

Ел Президенті Шөкеевке алғыс айтты
Bokei зауыты күніне 100 мың қыш шығарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу