«Азғындықты насихаттағаны үшін» ЛГБТ-белсенділері өлім жазасына кесілді

Oinet.kz 06-09-2022 910

Иранның Батыс Әзірбайжан провинциясында қос ЛГБТ-белсендісі өлім жазасына кесілді. Оларға шариғаттағы "Жерде азғындықты насихаттады" деген айып тағылған. Құқық қорғаушылардың сөзінше, бұл – Ирандағы лесбиян-әйелдерге кесілген алғашқы өлім жазасы, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Screenshot_37.jpg

Зара Седигхи Хамедани

31 жастағы Зара Седигхи Хамедани мен 24 жастағы Эльхам Чубдардың үкімі туралы Hengaw күрд құқық қорғау ұйымы мәлімдеді. Ұйым халықаралық қауымдастықты Иранға қысым жасап, үкімнің күшін жоюға қол жеткізуге шақырды. 

Құқық қорғаушылардың сөзінше, әйелдерге үкім Умрия түрмесінде шығырылған. Иран сот билігі де үкімді растады. Құқық қорғаушылар әйелдерге христиан дінін тарату және оппозициялық БАҚ-пен байланыс орнатты деген айыптар тағылғанын айтты. 

Екі әйелден бөлек дәл сол қалада 52 жастағы Сохелия Ашрафи де тұтқындалған. Алайда оған қатысты сот үкімі шықпаған. 

Зара Седигхи Хамедани ("Сара" есімімен де белгілі) – танымал ирандық ЛГБТ-белсендісі. Ол 2021 жылдың қазанында Ираннан Түркияға қашпақ болған жерінен ұсталған. Бұған дейін өзі тұратын Ирактағы Күрдістанға да барған. Тұтқындалған соң ол екі айдай жалғыз адамға арналған камераға қамалған. 

"6Rang" ЛГБТ құқығын қорғау бойынша неміс тобының координаторы Шади Амин Франс агенттігімен сұхбат кезінде үкімнің шыққанын растаған. Ұйым бұл туралы бейсенбіде білген, алайда жарияламас бұрын белсендінің отбасының рұқсатын күткен. 

"Енді біз Германия және өзге елдер билігінен Иранға қысым жасауды талап етеміз", – деді ол.

Аминнің сөзінше, бұл – Ирандағы лесбиян қыздарға кесілген бірінші үкім. 

Amnesty International үйымы қаңтарда Хамеданиге қатысты қозғалған істің ЛГБТ құқығын қорғауға арналған желідегі жазбалары мен ВВС-дің Күрдістандағы ЛГБТ-тобының құқығы туралы деректі фильмімен байланысты екенін мәлімдеген. 

Хамеданиді қудалау Иракта басталған. Кейін ол Иранға келіп, кейін Түркияға кетпек болған. 

Hengaw құқық қорғаушылары Хамеданиді тұтқынға түскен соң адвокатымен байланыстырмай қойғанын айтқан. Әрі мазақ етіп, екі баласын тартып алумен қорқытқан. 

Ирактан кетпей тұрып ол "6Rang" ұйымына бірнеше бейнеүндеу беріп, егер өздеріне бірдеңе болса, желіде жариялауды сұраған. 

"Біз ЛГБТ-қауымдастығы қиналып жатырмыз. Бірақ бостандық немесе өлім арқылы болса да, өзімізге адал болып қаламыз", – делінген видеолардың бірінде.

Құқық қорғаушылар Иранда өлім жазасының көбейгенін айтады. Тек шілденің соңғы аптасының өзінде 32 адам өлім жазасына кесілген, оның 3-і әйелдер. 

Түркістаннан Қостанайға 72 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді
Ақмола облысында педофил 6 жасар қызды зорлап, кейіннен буындырып өлтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу