«Диверсия белгілері анықталған жоқ» - Қостанай облыстық прокуратурасы

Oinet.kz 16-09-2022 938

Қостанайдың жергілікті прокуратурасы орман өрті диверсия әрекеттерінен туындады деген нұсқаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Қазіргі таңда ормандағы өрттің өршу себебін анықтау жұмысы жүріп жатыр. Прокуратураның мәлімдеуінше, отты абайсыз жандыру нұсқасы көбірек келетінін айтады. Бірақ әдейі өрт жандыру сынды нұсқалардың болу ықтималдылығын жоққа шығармады. 

“Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл әрекет ауыр қылмыс және ерекше ірі қылмыс, біреудің мүлкін қасақана өртеу арқылы қорлау, сондай-ақ ормандарды қорлау болып саналады. Алайда бүгінгі күні қасақана өртеу немесе диверсия белгілері анықталған жоқ” – деп айтты Қостанай облыстық прокуратурасы басқармасының прокуроры Нұрсұлтан Сатубалдин.

Әлем травматологтары мен ортопедтері Түркістанда тәжірибе алмасуда
Анасы көшеде қалдырып кеткен бес айлық сәби оқиғасы: Комиссия шешім шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу