Мешіттегі молдаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек

Oinet.kz 18-09-2022 2909

Screenshot_5.jpg

Өзбекстанда некеге тұрған жастардың басым бөлігі мешіттегі мәхір сұраудан ажырасып жатыр екен. Араптың сайқал осы дәстүрі қазақ жастарының ортасында белең алып, қалыңдықтар байларының шамасы келсе де, келмесе де машина, айфон сұрап, індетке айналдырып отыр. Осы жағдай бойынша елде ажырасу фактілері болып жатыр. 

Бір сорақысы, әйелдер жамырап осы сайқал дәстүрді қолдап, қалыңдық жағына қолдау білдіруде. Бұл болашақта ажырасуы тіпті көп қазақ қоғамында ұлттық трагедияға айналады. Дәл осы сайқал дәстүрге молдалар жол ашып беруде. Демек, ажырастырып  жіберуге де солар себепші болып тұр. Сондықтан ең бірінші мешіттегі молдаларды осы ісі үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Бұл таза дарақылықтың, қылмыстың бір түрі. Бұл бопсалау мен мәжбүрлеудің ритуальды түрі. Мешітте молданың алдында, құдайдың үйінде отырып уәле бердің, оны орындауға міндеттісің, әйтпесе тозақылық боласың деп түсінетін мысықтілеулер қылмыстың осындай түріне көшіп алған. Ал, отбасыларын қираттыңдар. Осы сауапты іс пе!?

Бекболат Қаржанның Facebook парақшасынан

Елбасы қанша ауыр сөз естісе де өкпелеп елден кеткен жоқ
Маһрге өте қымбат нәрсе сұраған қалыңдығын жігіті тастап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу