Қазақстанда пәтер жалдау бағасы 20%-ға төмендеді

Oinet.kz 04-11-2022 785

Қазан айының ортасынан бастап Қазақстанда пәтер жалдау бағасы төмендеуде, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Жалдамалы пәтер құнының теріс динамикасы қазан айының ортасынан басталып, содан бері бағалар орта есеппен 20%-ға төмендеді. 

Петропавлда пәтер жалдау бағасы айтарлықтай төмендеді. Онда шаршы метр орта есеппен 41%-ға, Ақтөбеде 36 %-ға, Павлодар мен Орал қалаларында 32 %-ға арзандады. Өткен аптамен салыстырғанда, Астанада жалға алу бағасы 22%-ға, Алматыда 11 %-ға аз.

Алайда қыркүйекке дейінгі кезеңмен салыстырғанда қазір Қазақстанда пәтер жалдау 25 %-ға қымбатырақ. Астана мен Алматыда бүгінде жалға алу құны қыркүйектегі бағалардан 28 және 33 %-ға жоғары.

27 қазан - 3 қараша аралығындағы соңғы аптаны алсақ, барлық қалаларда теріс динамика байқалды. Алматыда 3,6 %-ға, Астанада 4,6 %-ға төмендеді. Ақтөбеде айтарлықтай арзандағаны байқалды, ондағы төмендеу көрсеткіші 8,6 %-ға тең.

Алматы – әлі де пәтер жалдау құны ең қымбат қала. Бір бөлмелі пәтер айына орта есеппен 250 мың теңге. Ал Талдықорғанда жалдамалы пәтерлердің ең төменгі бағалары анықталды. Мұнда бір бөлмелі пәтерді 80 мың теңгеге жалдауға болады.

Қаңтар оқиғасын «мәмбеттер революциясы» деп атады
Жамбыл облысы Полиция департаментінде Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу