НАТО құрамындағы Польшаның Украинамен шекаралас аумағына Ресей ракеталары құлады

Oinet.kz 16-11-2022 523

Польша билігі Украина шекарасына жақын маңға екі ракетаның түскені туралы ақпараттан кейін шұғыл кеңес өткізді. Варшава жарылыс салдарынан екі Польша азаматының көз жұмғанын растады. Дегенмен әзірге ракетаның қайдан ұшып келгенін мәлімдеген жоқ, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Кеңестен кейін поляк үкіметінің өкілі Петр Мюллер Польшаның НАТО жарғысының 4-бабын іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл бапта альянс мүшелерінің бірін алаңдататын қауіпке қатысты талқылауды бастау жайлы айтылған. 

Польша жерінде жарылған ракета туралы бірінші болып Radio ZET радиостанциясы хабарлаған. Дегенмен ракетаның кімге тиесілі екенін айтпаған. Алайда кейін Ассошиэйтед пресс есімдері аталмаған америкалық барлау қызметінің лауазымды қызметкерлеріне сілтеме жасап, Польшаға Ресей зымыранының түскенін мәлімдеді. 

АҚШ қорғаныс министрлігі қос ракетаның Ресейге тиесілі екені жайлы мәліметті растауға дайын емес екенін айтқан. Кешке Польша үкіметі әскерді жоғары дайындық режиміне ауыстырғанын хабарлады. 

Ресей қорғаныс министрлігі болса Пшеводува маңына түскен ракетаның Ресейден ұшырылған туралы ақпаратты "жағдайды ушықтыру мақсатында жасалған арандату" деп бағалады.

Screenshot_2.jpg

"Украина-Польша шекарасы маңына ешқандай соққы жасалмады. Польша БАҚ беттерінде жарияланған сынықтардың суреті Ресейдің ракеталарына еш қатысы жоқ", – делінген мәлімдемеде. 

Көп ұзамай Польша президенті Анджей Дуда ел аумағына тағы ракета түседі деп айтуға еш негіз жоқ екенін мәлімдеді. 

"Қазіргі уақытта осы тектес жағдай әрі қарай орын алады деп айтуға негіз жоқ. Бұл – бір ғана жағдай. Жаңа деректер тіркеледі дегенге ештеңе нұсқамайды", – деді Дуда. 

Президент сайлауы: Қазақстандықтар электронды құжат арқылы дауыс бере алады
Ыстамбұлда тағы да жарылыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу