Полицейлер браконьерден тіркелмеген мылтық пен оқ-дәрілерді тәркіледі

Oinet.kz 21-11-2022 251

Screenshot_4.jpg

Кентау қаласының полицейлері заңсыз аң аулау және браконьерлік деректерін анықтауға, жолын кесуге бағытталған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында, атыс қаруын заңсыз сақтау жайтын анықтады.

Тәртіп сақшылары мен "Охотзоопром" инспекторлары бірлесіп жүргізген рейд барысында, таулы аймақта күмәнді Кентау қаласының тұрғыны тоқтатылды. Тексеру кезінде ер адамнан «Мусин» маркалы тіркелмеген аңшы мылтығы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді. Бүгінгі таңда болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер, Сіз де, қаруды заңсыз сақтауға немесе браконьерлікке қатысты қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Алаяқтық қылмысының 7 жайтына қатысы бар әйел анықталды
Мас халде көлік басқарған ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу