«Алмақтың да салмағы бар және ол ауыр»: Болат Назарбаевтың 300 мың гектар жері мемлекетке қайтарылды

Oinet.kz 02-02-2023 1592

Amanat партиясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтан 300 мың гектарға жуық жердің мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Партия жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саировқа сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Қазіргі уақытта мемлекетке Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған.

Сонымен қатар бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс барысында Болат Назарбаевқа тиесілі жалпы аумағы 244 гектар болатын 59 жер телімі анықталған екен.

"Мәртебелі фамилияға, "бұрынғы еңбегіңізге", қалтаңыздың қалыңдығына қарамаймыз. Халықтың меншігіне қол салдыңыз ба? Қайтарасыз. Алмақтың да салмағы бар және ол ауыр", – деді Ерлан Саиров.

«Таяққа сұранып тұратын әйелдер көп»: психолог қазақ әйелдерінің кемшілігін айтты
«Қолынан ұстап өзіне тартқан»: Арқалықта балаларды аңдып үрейін ұшырған күдікті іздетірілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу