Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке үйінен пышақ балта алып барып, үш оқушыны жарақаттаған

Oinet.kz 13-02-2023 1204

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып келіп, бірнеше оқушыны жарақаттады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте сағат 7.50 шамасында болған. Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге асүйде қолданылатын пышақ пен балта ала келген.

“Ол 3 оқушыны жарақаттады. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді”, – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр.

Рынок недвижимости в Атырау: к чему готовиться в наступившем году?
Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу