Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтты

Oinet.kz 13-02-2023 4070

Актриса Анар Батырхан болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты. Танымал ару "Менің өмірім" бағдарламасында ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын мәлім етті.

Screenshot_5.jpg

Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын ашып айтты.

"Сүйіп қалсам да, мен тұрмаймын. Мен білемін, ондай жағдайға шыдамайтынымды. Әкемнің, анамның туған жеріне барғанда, демалып қайтамын. Бір күн барасың, екі күн жүресің, бірақ кішкентайымнан қалада өскен қыз болғандықтан, маған қалада тұратын жігіт керек. Мен қазір осы сұхбатта өзімді жақсы көрсету үшін "Иә, мен дайынмын" десем, ол өтірік болады. Мен бірден басынан шешіп аламын. "Егер мені әйелің ретінде көрсең, мен сенімен басқа қалаға барып тұрмаймын. Астана қаласы болсын, тұрмаймын. Мен Алматы қаласында тұрамын. Гастрольмен басқа қалаға кетсем, Алматыны сағынып кетемін. Әке-шешем осында деген сияқты", - деді Анар Батырхан.

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке үйінен пышақ балта алып барып, үш оқушыны жарақаттаған
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу