Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы

Oinet.kz 14-02-2023 246

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидасына  сәйкес өткізіледі.

Адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияға (бұдан әрі-Комиссия) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт)   8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

Яғни құжаттардың тізбесі: 

1) өтініш;

2) Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты 

қамтитын мәліметтер нысаны;

Адвокат болу үшін жоғары заң білімі бар ҚР азаматы Адвокаттар алқасында 6 айдан 1 жылға дейін тағылымдамадан өтуі қажет, сонымен қатар аумақтық әділет органдары жанынан құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестаттаудан өтуі міндетті және Адвокаттар алқасына мүшелікке кіруі қажет.

Адвокаттық қызметпен айналысуға жоғарыда аталған талаптарды қажет етпейтін: 

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы       1-тармағы бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар, теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтпей ақ адвокаттық қызметпен айналысуға болады. Аттестаттау қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және адвокаттық қызметті жүзеге асыруға психологиялық дайындығын кешенді компьютерлік тестілеу;

2) қажетті көздерді пайдалана отырып, істің мән-жайларын талдау бойынша практикалық тапсырма кезеңдерінен тұрады.

Тестiлерге енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi. Үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын білуге арналған сұрақтар (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы) бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде үш нұсқасын қамтуы тиiс.

Заңнаманы білуге арналған тест - 90 (тоқсан) минут (100 сұрақ). 

Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

Екінші кезеңде көрсетілетін қызметті алушыға практикалық тапсырмаға дайындалу үшін 10 (он) минут беріледі. Үміткердің практикалық тапсырмаға жауаптарының дұрыстығын комиссия мүшелері бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

Комиссияның әрбiр мүшесi аттестаттаудан өтушiнiң жауаптарын басқалардан тәуелсiз әр жауап бойынша бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша төрағалық етуші Комиссия мүшелері қойған нәтижелерді есептейді және жалпы орташа балл шығарады. Орташа балл үміткердің жинаған балдарының жалпы санын қатысып отырған Комиссия мүшелерінің санына бөлу жолымен анықталады. Үміткердің қорытынды балы 3,3 есептеу кезінде 3,3 ретінде бағаланады, 4,2 есептеу кезінде 4,2 бағаланады және бұдан әрі осылайша.

Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ практикалық тапсырма бойынша аттестатталушы жинаған жалпы орташа балл хаттамада көрсетіледі.

Егер жалпы орташа 4 және одан жоғары балл болса, үміткер аттестаттаудан өтті деп есептеледі. Комиссияның аттестаттау не аттестаттамау туралы шешімі аттестаттау өткізілген күні шығарылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Бексултан Берикұлы Тюльтаев,

Түркістан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы

Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтты
Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу