Түркістан облысында ауыз су сапасын мониторингілеудің нәтижелері

Oinet.kz 17-02-2023 184

Screenshot_2.jpg

Ауыз су адам өмірі мен денсаулығына әсер ететін маңызды элемент. Сондықтан  адам тұтынатын ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс. Облыста санитариялық- эпидемиологиялық бақылау баасқармаларының қадағалауында  524 су құбырлары бар. Оның ішінде 26-сы мемлекеттік кәсіпорын және орта, ірі кәсіпкерлікке жататын 54 су құбырлары ерекше тәртіппен тексерулерге жатады.  

Халыққа берілетін ауыз судың  сапасы санитариялық-эпидемиологиялық  мониторинг жүргізу, объектілерді ерекше тәртіп бойынша тексеру, сумен жабдықтау ұйымдарын өндірістік бақылау барысында қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысында 2022 жылы орталықтандырылған ауыз су жүйелерінде микробиологиялық көрсеткіштерге 6 369 сынама алынып, 106 (1,6%) сынамадан сәйкессіздіктер анықталды, ал  санитариялық-химиялық көрсеткіштерге алынған  4 884 сынаманың  164 нен  (3,4%)  сәйкессіздіктер анықталды.  

Сумен жабдықтау желілерінде профилактикалық іс-шаралар жүргізгеннен кейін,  қайталама зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша ауыз су сынамалары гигиеналық нормативтерге сәйкес келді.

 Су таратушы мекемелерге ерекше тәртіппен тексеру кезінде анықталған санитариялық қағидалар талаптарын бұзушылықтар бойынша сомасы 7 213 365 теңге айыппұл түрінде 21 әкімшілік шара көріліп, бұзушылықтарды жою бойынша 16 ұйғарым берілді.

Бұдан басқа екі ауданда тұрғындардың шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижелері бойынша сомасы 1 102 680 теңге айыппұл  салынды. 

2022 жыл көлемінде облыс көлемінде су арқылы берілетін жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болмаған ауыз суды тұтынудың салдарынан облыс тұрғындары арасында несептас, өтке тас байлау сияқты аурушаңдықтар тіркелген.  Сондай ақ, судың таза болмауы  тырысқақ, іш сүзегі, бактериялық дизентерия, жұқпалы өткір энтерит ішек инфекцияларының туындауына алып келуі мүмкін.

Сондықтан халықты ауыз мен қамтамасыз етуші мекемелерді  ҚР ДСМ бекіткен №209 бұйрыққа сәйкес санитариялық талаптарды  ұстануға шақырамыз. 

Асқар Искаков, 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары 

Полицейлері "Тұрмыс" шарасы кезінде 400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
Ordabasy: Ерлікке тағзым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу