«Ішіне жын кірген»: Шымкентте борышын өтеп жүрген сарбаздың жынданып кетуіне не себеп?

Oinet.kz 20-02-2023 1024

Шымкентте әскери борышын өтеп жүргеніне тоғыз ай болған сарбаздың бірден өзгеріп, сөз түсінбей тіпті жақындарын танымай қалуы бүкіл халықты шошытқан еді. Енді әскери қызметшілер оның мұндай күйге түсуін «ішіне жын кірді» деп түсіндіріп отыр деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасай отырып.

Screenshot_3.jpg

19 жастағы Самрат Тыныштықбайдың  ата-анасы  өздерін танымай қалған Самрат әскерде қатты  таяқталып, психологиялық қысымда болған деп болжайды. Өйткені әскерге алынған сәтте жігіт сап- сау күйінде қабылданған. Араға уақыт салып «бұл сөз түсінбей қалды» деген хабар алған.

«Диагнозын жынды деп тұр. Мұны қалай түсінеміз? Сау кеткен бала кенеттен қалай жынданады?  Әскерилер «ішіне жын кірді» дейді. Ол жын кіретіндей далада ақтырна, көктырналар арасында жүрген жоқ қой. Әскердегі адамға қалай жын кіреді?»,-дейді туыстарын танымай отырған сарбаздың әпкесі.

Самратқа бір сұрақты төрт-бес рет қойғанда ғана әрең түсінеді. Тіпті өзіне не болғанын айта да алмайды. Бір сөзді төрт бөліп айтады. Көзінің қарашығы үлкейіп, адамға тіке қарай алмайды. Аузынан суы ағып адам танымастай өзгерген.

«Ол келгенде өлең шығаратыны бар еді. Оны туыстары да, қасындағы сарбаздар да жоққа шығара алмайды»,-дегенді алға тартты Самрат Тыныштықбай борышын өтеп жүрген әскери артилл дивизионының қызметкері

«Бағым бес елі екен» - Ерке Есмахан не үшін бақыттан көз ашпайтынын түсіндірді
Әйгілі нумеролог Раим мен Ерке қашан ұлды болатынын нақты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу