Қазақстан өзінің Уран кәсіпорындарын Ресейге берді

Oinet.kz 03-03-2023 976

Үкімет Қазақстандағы 3 уран кәсіпорнының басым үлесін Ресейдің «Ураний Уан Груп» мемлекеттік компаниясына беруге рұқсат етті. 

Screenshot_14.jpg

«Uranium One Netherlands B.V. компаниясына «Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қатысу үлесінің 50%-ын «УраниумУанГруп» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін. Uranium One Utrecht B.V. компаниясына «Хорасан-U (Хорасан-У)» бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қатысу үлесінің 30%-ын «Ураниум Уан Груп» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін. Uranium One Rotterdam B.V. компаниясына «Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қатысу үлесінің 70%-ын «Ураниум Уан Груп» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін», - делінген Үкімет қаулысында.

Айта кетері, Қазақстан  уран өндіруден әлемде бірінші орында, ал уран қоры бойынша екінші орында. 2018 жылдан бастап уран сату көлемі бойынша да әлемде бірінші орынға шықты. Елімізде жыл сайын 20 мың тоннадан астам уран өндіреді. Бұл – әлемдегі бүкіл уран өндірісі көлемінің шамамен 40 пайызы. Міне, әлемдік уран өндірісінің осыншама бөлігі Қазақстанға тиесілі. "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атам компаниясы" акционерлік қоғамында 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансындағы уранның көлемі – 450 000 тоннадан астам. Ол барлаудан өткізілген 26 кен орнын құрайды. Соның ішінде 14 кен орнында "Қазатомөнеркәсіп" жұмыс жүргізеді. Еліміз бойынша уран Түркістан, Қызылорда және Ақмола облыстарында өндіріледі.

Жер астынан шығарылған уранды сары ұнтақ күйге дейін жеткізіп, әрі қарай өңдеу зауыттарына жібереді. Олар Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Бүгінгі таңда "Қазатомөнеркәсіп" өз өнімдерін Қытай, Еуроодақ елдері, Үндістан, Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада және де басқа елдерге сатады.

Облыс прокуроры жұмысшылармен кездесті
Түркістан су тасқынына әзір емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу