Түркістан облысының полицейлері жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылды

Oinet.kz 20-03-2023 455

Screenshot_1.jpg

Ағымдағы жылдың 17 наурызында Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кеткенін хабарлайды. Яғни әйел кішкентай қызды іздеуде полицейлерден көмек сұрайды.

Тексеру кезінде,  осы күні кешкі уақытта үш кәмелет жасына толмаған туыс кішкентай қыздар, Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барғаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен.

Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде және оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға балаларына мұқият болып, оларды қараусыз қалдырмауды, әсіресе өзен-су айдындарының жанында үнемі қадағалауды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан: Кентауда егіздер ел ертеңі үшін дауыс берді
Түркістан облысының криминалистері ІІО ардагерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу