Полицейлер 30-ға тарта жасөспірімнің ата-анасына шара көрді

Oinet.kz 31-03-2023 158

Screenshot_12.jpg

Төлеби ауданының тәртіп сақшылары жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Аудандық полиция бөлімі мен "Жастар ресурстық орталығы"  КММ қызметкерлері бірлесіп,  жасөспірімдер көп баратын ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтарды аралады. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген 28 жасөспірімнің ата-анасына хаттама түзу арқылы "ескерту" берілді. 

Саябақтарда ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны бойынша 5 жасөспірімнің заңды өкіліне айыппұл салынды.

Жалпы бұл бағыттағы шаралар ауданның әрбір ауылдық округтерінде өз жалғасын табады. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында жиын өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу