Қарағандыда ер адам жеткіншектерге ақша ұсынып, ерсі әрекет көрсеткен

Oinet.kz 06-04-2023 358

Қарағандыда қаршадай балаларға тиіспек болған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_31.jpg

Ұсталған ер адам 34 жаста. Тұрғындардың айтуынша, ол аулада ойнап жүрген жеткіншектерге ақша ұсынып, ерсі әрекет көрсеткен. Бейтаныс адамның ұятсыз қылығынан шошынғандар сол сәтте жан-жаққа қашқан. Сұмдық жайтты естіген ата-аналар бірден полицияға хабарлаған. Сол сәтте кәмелетке толмаған бала арам пиғылдының ізіне түсіп, тәртіп сақшылары жеткенде күдіктінің жасырынған жерін тауып берген.

"Полициямен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 бабы 3 тармағы - 121 бабының 4 тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

«Жалақы 60 мың-ақ теңге»: Ринат Зайытов мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді сұрады
Алматы облысында күтушінің қарауында болған 2 жасар бала қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу