Астанада жоғалып кеткен 12 жасар бала екі тәуліктен соң аман-есен табылды

Oinet.kz 10-04-2023 501

Астанада 2 күн бұрын жоғалып кеткен 12 жастағы оқушы табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жазды.

Screenshot_15.jpg

Айта кетейік, 7 cәуірде Икар Сейітжан үйінен Егемен Қазақстан көшесіндегі 15-үйге кітап алуға кеткен. Содан кейін бала үйіне қайтып оралмаған. Оны сол күні №8 мектеп-лицейінің жанынан көргендер болған.

9 сәуірде сағат 04:30 шамасында бала сол жағалаудағы тамақтану орындарының бірінен, балаға іздеу жариялаған астаналық клуб еріктілері оны тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 4 жасар баланың кәріз құдығынан денесі табылды
«Отанын қорғағысы келген балапандарын отаны қорғай алмады»: Ә.Қалбайдың өліміне қатысты шешім шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу